30.06.2021, 14:59
Оқылды: 60

Бәйтерек "қызыл" аймаққа өтуі мүмкін

Өңір "қызыл" аймаққа енгені белгілі. Қазіргі таңда Бәйтерек ауданындағы эпидемиологиялық ахуал ушыға түсті. Соңғы аптада  вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, алдыңғы статистикаға қарағанда көрсеткіш нашарлаған.

B301AD6F-3C02-4947-8DB3-9C7785464657

-Соңғы тәулікте ауданда 31 адам вирус жұқтырды. Қазіргі таңда індет жұқтырғандадың жалпы саны 354 адамға жетіп отыр. Олардың 304-і симптомды болса, 50 адам симптомсыз. 31 науқас ауруханада ем алуда. 232-і үй карантиніне оқшауланған. Бұл көрсеткіштен вирустың жұғу деңгейінің өсімі байқалып отыр. Осының салдарынан ауданның «қызыл» аймаққа ену қаупі бар,- деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев.

Ауданның бас санитарының айтуынша, вирус жұқтырғандардың  күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы себеп болып отыр екен. Сол себептен маска режімін бұзбаған абзал. Сондай-ақ екпе алуды да ұмытпау қажет.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: 24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале