«Бәйтерек таланттары» жастар театры көрермен назарына «Жаңғырық» қойылымын ұсынды.
«Жаңғырық» трагедиясын қоюшы режиссер, жас талант Әліби Жанәбілов.
Замана жаңғырығына жаңа көзқараспен қарайтын театрдың жас әртістерінің өнері көрермен қауымды тәнті етті.
Қойылым Семей полигонының зардабын, шағын ауылдағы адамдар тағдырын, экология мәселесін көз алдыңызға әкеледі.
- Жастар театры ұсынған «Жаңғырық» экспериминталды трагедиясын көрермендер жылы қабылдады деп ойлаймын. Семей полигонында зардап шеккен адамдар өмірі, соның ішінде дүниеге мүгедек боп келген Айсұлу есімді сұлу қыздың тағдыры баяндалады. Сонымен қатар қойылымда достық, махаббат, адамгершілік тақырыптары да көтерілді. Әрине шығармада сатқындық, қатыгездік те орын алады. Бұл қойылым көрерменді ойлантады, - дейді жас режиссер Ә.Жанәбілов.
Қойылымнан аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков театр ұжымына аудан басшысы А.Шахаровтың атынан алғыс хат табыстады.
Театр жетекшісі Әліби Жанәбілов болса, барша көрерменге ризашылығын жеткізді.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер