4.05.2021, 9:40
Оқылды: 66

Бәйтеректе 1000 түп көшет отырғызылды

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», - дейді халқымыз. Көктем келіп, көк шығысымен, елімізде көшеттер отырғызу науқаны басталады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын табуда. Осы кезге дейін жарияланған абаттандыру айлығына сәйкес барлық ауылда жас көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар «Менің аулам – менің бағым» жобасына сай біраз жеміс ағаштары да егілді.

 IMG-20210503-WA0071

Мамыр мерекелерін жыл сайынғы көшет егу дәстүрімен бастаған бәйтеректік ағайын аудан орталығы Переметный ауылындағы Мұнайшы шағынауданында 1000 түп көшет отырғызды. Марат Тоқжанов бастаған аудан басшылығы да игі істің жанынан табылды. Биыл аулаларға отырғызылатын көшеттерді белгілі бағбан Қайрат Кәрімов ұсынуда.

IMG_20210503_142934_710

Ағаш егуге арналған сенбілікке еріктілер, түрлі мекемелер мен бөлім қызметкерлері, қарапайым тұрғындар қатысты. Таң сәріде басталған іс түс ауа бітті. Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешевтің айтуынша, тұрғындар 500 түп қарағаш, 500 түп қарақат және 100 түп көктерек отырғызыпты.

IMG_20210503_142934_729

Жалпы  ауданды жасыл желекке көмкеру жұмыстары қызу жүргізілуде. Игі шара аудан орталығын ғана емес, ауылдардың да көркіне сән беріп, экологиялық жағдайының жақсаруына септігін тигізеді деген үміт бар.

Тек егілген ағашты әкімдіктің жауапты қызметкерлері ғана емес, тұрғындар да күтіп баптаса болғаны.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале