16.09.2020, 11:08
Оқылды: 190

Бәйтеректе 2477 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталған

Биылғы сегіз ай ішінде Бәйтерек ауданында 2477 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталған. Оларға 9 млн. 156 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 7 млн. 82 мың теңгесі өндіріліпті. Қалған айыппұлы бар азаматтарға ескертулер берілген. Бұл туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нажиев мәлімдеді. pravosudie

- Індетке байланысты жарияланған карантин кезінде карантин режимін бұзуға байланысты 49 факті анықталды. Оның 25-і аудан орталығында болса, қалған 24-і Дариян бетінен. Бұл бойынша материалдар тиісті орындарға жіберілді. 298 жол қозғалысын бұзу анықталды. 59 көлік жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған. Оларға әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Сегіз ай ішінде ауданымызда 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 4 адам көз жұмып, 12 адам түрлі дене жарақаттарын алды, - дейді Манарбек Қатиұлы.

Өткен жылы 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 8 адам өмірімен қош айтысса, 21 адам түрлі дене жарақатын алған көрінеді. Аудандық полиция бөлімі бастығы бірінші орынбасарының айтуынша, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі облыс әкімі бекіткен 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы. Жол картасы аясында бірнеше шаралар өткізілген. Мәселен, «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» және «Жолдау қабылдау» сынды жедел-профилактикалық шаралар. Осындай шаралардың өткізілуіне байланысты әкімшілік-құқықбұзушылық ауданымызда төмендеген.

        

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале