Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ауданда әлі күнге дейін эпидахуал күрделі екенін айтады. Басқарма басшысы Аят Үмбетәлиевтің берген мәліметіне сенсек, қазіргі таңда Бәйтерек ауданы бойынша 290 адам індет жұқтырыпты. Олардың 113-і Переметный жағында тіркелсе, 177 адам Дариян бетінде екен.
- Ауру жұқтырғандардың 248-і симптомды болса, 42 науқас симптомсыз түріне шалдыққан. 23 адамды аурухана жатқыздық. Қалғандары үй карантинінде, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиев.
Ауданның бас санитарының сөзінше, ауру жұқтырғандардың көбі - екпе алмағандар. Сол себепті жерлестерді екпе алуға шақырады.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz