Коронавирусқа қарсы күрес тоқтаған жоқ. Бәйтерек ауданындағы эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты. Десе де 408 тұрғын ауруға шалдыққан.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары бүгінгі көрсеткіш алдыңғы статистикамен салыстырғанда 70 адамға азайғанын айтады. Вирус жұқтырудың қаупі әлі де жоғары екендігін ескерген жөн.
– Ауданда вирус жұқтырған 408 науқастың 350-і симптомды, 58-і симтомсыз. 17 адам ауруханада ем алып жатыр. 391 азамат үй карантиніне жабылған. Қазіргі таңда Асан, Новенький, Макаров ауылдық округтерінде аурудың таралуы азайды. Дегенмен алдын алу шаралары күшейтілуде. Денсаулығына алаңдаған адам сақтыққа үлкен жауапкершілікпен қарап, карантин ережелерін мұқият сақтау керек, – дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz