Бәйтерек ауданында эпидимологиялық ахуал тұрақталар емес. Аудандық санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны азаймай отыр.
Жаңартылған статистика бойынша қазір ауданда барлығы 489 адам індет жұқтырған. Олардың 379-ы симтомды болса, 110-ы симтомсыз.
- Ауданда COVID-19 вирусын жұқтырған 65 науқас ауруханада ем алуда. Қалған 424-і үй карантиніне оқшауланған. Науқастар санының артуы санитарлық талаптарға салғырттық танытудан болып отыр. Сақтықты естен шығару, індетті қайта өршітуі мүмкін, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress
Сурет inform.kz сайтынан алынды