24.12.2019, 12:53
Оқылды: 17

Бәйтеректе 566 адам әлеуметтік қызметкермен қамтылды

Бәйтерек ауданында мүгедектердің құқықтық-экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге, оларды қоғамға бейімдеуде жағдай жасалуда.

Мәселен, биыл он бір айда 73 мүмкіндігі шектеулі жан жеке көмекшінің, , 12 адамға ымдау тілі маманның қызметі көрсетілген. 119 адамға гигиеналық құралдар, 29 мүмкіндігі шектеуліге сурдо-тифлотехникалық құралдар, 14 адамға кресло-арба, 50 адамға протезно-ортопедиялық құралдар берілген.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 36 мүгедек баланың біреуінң анасына 2047,7 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен ақпарат бойынша қатерлі ісікке шалдыққан 580 адамға 21937,4 мың теңге, өкпе дертіне шалдыққан 90 адамға 3408,4 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 60 адамға 1515,1 мың теңге, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан қиын жағдайға қалған 2 отбасыға 252,6 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

2019 жылдың 11 айында 566 адам әлеуметтік қызметкермен қамтылды. Оның ішінде – 33 мүмкіндігі шектеулі бала және 18 жастан асқан психневрологиялық ауыратын мүгедек жан, 539 қария мен мүмкіндігі шектеулі тұрғын.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

komek

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале