16.03.2021, 17:37
Оқылды: 16

Бәйтеректе 94 адам індет жұқтырған

Жыл басындағымен салыстырғанда Бәйтерек ауданындағы эпидемиолгиялық ахуал айтарлықтай тұрақты. Алайда, жағдайдың тынышталуына қарамастан, вирустың таралу қаупі әлі де бар. Қазіргі таңда аймақтағы COVID-19-ға қатысты жаңартылған мәліметке сүйенсек, ауданның 94 тұрғыны ауру жұқтырыпты. Бұл мәліметті бізге аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев берді.

 1233

- Ауданда вирус жұқтырған 94 науқастың 55-і симптомды, 19-ы симптомсыз. Қазіргі таңда 5 науқас аудан орталығындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, Оралдағы қалалық көпсалалы ауруханада 4 науқас және 19 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Сондай-ақ 46 азамат үй карантинінде оқшауланған, - деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

 

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале