Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Аdal komek» жобасының кезекті тікелей эфиріне «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова шықты. Ол эфир барысында партия әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнамасы мен сайлауалды бағдарлама аясында жасақталған жол картасы құжатына енген азаматтардың аманаттары бойынша ойластырылған шаралар туралы айтты.
Бибігүл Меңдіғалиқызы жоғарыда аталған бағдарлама жол картасын жүзеге асыру мақсатында 2021-2025 жылдарға жоспарланған жұмыстар нақтыланғанын да атап өтті. Күні бүгінге дейін жол картасы аясында аудан көлемінде 7 басымды даму бағыттары бойынша 16 көрсеткіш, 112 іс-шара қамтылыпты.
-Негізінен ауыл шаруашылықты дамыту, ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын жасақтау, құрылыс саласы, кәсіпкерлік, ауылдар іші және кіре беріс жолдарын жақсарту, су құбырларын жасақтау, табиғи газды тарттыру, медицина, спорт, мәдениет, жастар жұмысы бойынша саланы дамыту аясында көптеген жобалар 2025 жылға дейін атқарылатын болады. Олардың нақты жоспары құрылды. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанынан аталған жол картасы жұмысының уақтылы және сапалы орындалуын қадағалау мақсатында құрамына аудандық мәслихат депутаттары, білім, кәсіпкерлік палатасы өкілдері, БАҚ-ның өкілдері, медицина, т.б сала өкілдері қамтылған партиялық кеңестер құрылды,- деді Б.Ахметжанова өз сөзінде.
Бүгінде ұлт денсаулығы мәселелері, білім мен ғылымды дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек, отбасы, әйел және балалар құқығы, жастарды қолдау, экология мәселелері, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық секторды дамыту, өңірлік даму сияқты кеңестер құрылғанын да Бибігүл Меңдіғалиқызы атап өтті. Аталған кеңестер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу, мемлекеттік билік органдарында, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіруге, жемқорлықты тудырушы себептермен жағдайларды жоюға, лауазымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қиянатшылдық жасау мен құқық бұзушылықтарды жоюға және қоғамда сыбайлас жемқорлық әрекеттерге деген төзімсіздік көзқарасты қалыптастыруға атсалысу мақсатында қызмет атқарады екен.
-Аудандағы 19 бастауыш партиялық ұйымдары «Ауыл - ел бесігі», «Ардагерлерді ардақтайық», «Құтты мекен», «Жастар - Отанға», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек» атты партиялық жобалар аясында жұмыс атқарады. Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы жанында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған болатын, Қоғамдық қабылдауда партия төрағасы аудан әкімі М.Тоқжанов және аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, құқық қоғау органдары, депутаттар қабылдауларын жүргізеді. Толық ақпаратты әлеуметтік желіден, яғни фейсбук, инстаграм, ювижен парақшаларынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар, - деді Б.Ахметжанова.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz