5.07.2025, 16:30
Оқылды: 523

Бәйтеректе Астана күніне арналған интеллектуалдық сайыс өтті

Елордамыз – Астананың 26 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапхана мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасай бер, еңселі Елорда!» атты зияткерлік сайыс өтті.

IMG_20250705_105014_175

Қазақша Quizizz форматында өткізілген бұл танымдық ойын жастардың елорда жайлы білімін толықтырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Отаншылдық сезімді оятуға, жастарды төл өнерге қызықтыруға, елорданың өткені мен бүгініне үңілтіп, болашағына сеніммен қарауға үндеген сайысқа ауданда түрлі салада еңбек ететін жастардан құралған бес команда қатысты. Олар: «Сақшы», «Мансап», «СК Бәйтерек», «Намыс» және «101 құтқарушы» командалары.

IMG_20250705_105034_236
Зияткерлік бәсеке «Еңселі елорда», «Елорда үні – домбыра сазы», «Күймен көмкерілген елорда», «Тарихтан тербелген таңғажайыптар», «Болашаққа бастаған бас қала» секілді бес кезеңнен тұрды.
Қатысушылар ойын барысында өз білімдерін ғана емес, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін де айқын көрсетті. Әр кезең мазмұнды сұрақтар мен көркем безендірілген иллюстрациялар арқылы ерекшеленіп, қызықты әрі тағылымды өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша «Намыс» командасы үздік атанды, 2-орынды – «101 Құтқарушы», 3-орынды – «Мансап» командаларына бұйырды.

IMG_20250705_105025_778
Барлық қатысушы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Саида Жайық
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале