29.08.2024, 23:00
Оқылды: 149

Бәйтеректе «Ата заңым – айбыным» атауымен шара өтті

Дариян ауылдық округі кітапханалары мен М.Шолохов атындағы мұражай қызметкерлері бірігіп, Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным» атауымен танымдық-ақпараттық шара өткізді.

563BC6B8-7698-42F1-AB31-EAAEC8277FC8

Мақсаты – оқырмандарға Ата заңымыз, адам құқығы туралы түсінік бере отырып, жастарды құқықтық сауаттылыққа үйрету. Мұражай қызметкерлері екі тілде толық ақпарат беріп, кітапханашылар қатысушылармен сұхбаттасып, пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.

«Елімнің еркіндігі – Ата заңым» кітап көрмесіне Дариян кітапханасының қорынан мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде, оның қалыптасуы туралы әдебиеттер, ҚР Конституциясы мен заңдар жинақтары қойылып, шолу жасалды.

Ақпарат сағаты барысында айтылғандай, отандастарымыздың барлығы еліміздің негізгі заңын құрметтеуге және оны сақтауға тиіс.

Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және оның болашағына сенімді болуы керек. Қоғам және мемлекет дамуының базалық қағидаты адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдігі, құқығы мен міндеті Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген.

Оларды сапалы әрі тиімді іске асыру –мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті. Өйткені ол даму мен тұрақтылыққа, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Салтанат Зұлқарнайын

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале