Қазақстан Республикасының 2001 жылғы №246 II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылдан бастап әлеуметтік қолдаудың жаңа түрі жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету тәртібі енгізілгені белгілі.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама аз қамтамасыз етілген отбасылардың ішінен шартты және шартты емес ақшалай көмек алушыларға ұсынылады:
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;
Тиісті оқу жылында орта білімде оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін.
Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданында әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс 478 адамнан тұратын 93 отбасы, 1 жастан 6 жасқа дейінгі әлеуметтік көмек алатын 116 бала бар.
Бүгінде 10 ауылдық округтегі 38 отбасына кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған өнімдік және тұрмыстық жиынтықтарымен 73 бала қамтамасыз етілген. Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы тарату жұмысы жалғасуда.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер