23.08.2026, 13:09
Оқылды: 17

Бәйтеректе Бамблби «роботы» дауыс берді

Переметныйдағы №155 сайлау учаскесіне Бамблби «роботы» келіп, өз таңдауын жасады.

image-23-08-26-12-48

-Құрылтай сайлауына жай ғана барып, дауысымды бере салмай, ерекше кейіпте барғым келдім. Ойластыра келе өзімнің бала кезден бергі сүйікті кейіпкерім Бамблби роботы болып киініп баруды ұйғардым. Бұл әрі Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген биылғы «Цифрландыру және жасанды интелект жылына» сәйкес келеді. Сол себепті таныстарымнан осы киімді алып, сайлау учаскесіне барып дауысымды бердім,-дейді Переметный ауылының тұрғыны Алтынбек Айғалиев.

image-23-08-26-12-48-2

2000 жылы Бөкей ордасында дүниеге келген ол Құрманғазы атындағы Орал саз колледжін бітірген соң төрт жыл Бәйтерек ауданының мәдениет саласында еңбек еткен. Одан соң отбасылық жағдайына байланысты туған жеріне барып, мамандығы бойынша қызмет атқарған. Осыдан үш-төрт ай бұрын берекелі Бәйтерекке қайта атбасын бұрды. Қазір ол аудандық мәдени-демалыс орталығында еңбек етуде. Бұйыртса келесі сайлауға тағы да айырықша киіп келу ойында бар.

Айта кетейік, Бамблби роботы - «Трансформерлер ғаламы» («Вселенная трансформеров») фильміндегі кейіпкер.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале