Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері «Біз біргеміз» акциясы аясында көптеген мұқтаж жандарға тиісті көмектер көрсетіліп келеді. Мұндай акция Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде де өткізілуде.
Бүгінгі таңда Мичурин және Асан ауылдарындағы 45 отбасыға көмек көрсетілді. Оның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған жанұялар, даму мүмкіндігі шектеулі жандар және оларға қарап отырған ата-аналар, төменгі зейнетақы алатындар, жетім балалар, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен тыл ардагерлері бар.
- Бүгін мұндай көмек Октябрь, Зеленый және Жамбыл ауылдарында 11 отбасыға көрсетілді. Оның ішінде Октябрь ауылы бойынша 2 жалғызбасты жан, 1 жалғызбасты зейнеткер, 4 аз қамтылған отбасы мен 1 көпбалалы ана, Жамбыл ауылы бойынша 2 көпбалалы ана, Зеленый ауылы бойынша 2 көпбалалы ана мен 1 жалғызбасты ана бар. Бұл - ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен жиналған әлеуметтік азық-түлік.
Елбасы Н.Назарбаев «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастыру туралы идея тастаған кезде алғаш болып қолдау білдірген ауыл депутаты Бекболат Чканов. Бұл бастаманы өзге кәсіпкерлер де іліп әкетті. Тіпті жеке тұрғындар да атсалысуда. Мәселен, кеше екі азамат келіп, достарымен бірге он отбасыға көмек көрсететіндіктерін жеткізді, - дейді Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жадыра Ешайтова.
Нұрлыбек Қыдырғалиұлы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz