10.11.2020, 12:55
Оқылды: 87

Бәйтеректе борышкерлер тексерілуде

Қараша айының 6-18 аралығына жоспарланған «Борышкер» рейдтік іс-шарасы өткізілуде. Шараны Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесе жүргізуде.

E8804B83-322B-48BC-84CD-AA78B9084444

Профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуындағы мақсат - мемлекет алдында белгілі бір өтелмеген қарызы бар, сонымен қатар шектеу қойылған автокөліктерді басқарып жүрген аудан тұрғындарын тексеріп, құқық бұзу фактісі расталған жағдайда тиісті шара қолдану.

Полиция бөлімі қызметкерлері мен сот орындаушылары бірлесіп, мемлекет алдында берешегі бар Переметный ауылы тұрғындарының мекенжайларына барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шара қараша айының 18 -інде толық аяқталып, қорытындыланбақ.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале