16.09.2020, 11:48
Оқылды: 48

Бәйтеректе Дәулеткерей бабамыздың 200 жылдығына арналған күйшілер сайысы өтті

Бәйтерек ауданында Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына арналған "Күй – халық мұрасы" атты онлайн күйшілер сайысы өтті.

Kui

Күй өнеріне деген қызығыушылықты оятып, ұлттық өнерімізді одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған өнер додасына ауданның әр ауылынан он өнерпаз қатысты.

– Онлайн өтті демесеңіз сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдері де болғаны қуантады. Бір кездері күй сайысына қатысушы таба алмайтын едік, бұл жолы ниет білдіргендердің саны көп болды. Орындаушылардың шеберліктері де артқанын көрдік. Әділқазылар алқасына мықтыны таңдау қиынға соқты, – дейді сайысқа төрелік еткен күйші Аслан Ғизатов.

Байқау өткізуге атсалысқан жас өнерпаз Кенесары Болғанбаеватың айтуынша, күйшілер Дәулеткерей бабамыздың «Көроғлы» «Қосалқа» «Бапас», «Тартыс», «Желдірме», «Қыз Ақжелең», «Құдаша» сияқты күйлерін нақышына келтіре орындаған.

Өнер додасының қорытындысында үшінші орынды янайкиндік Жасұлан Алмат, екінші орынды Мичурин ауылының намысын қорғаған Сағынтай Бекет, бірінші орынды переметныйлық Полина Ищенко иеленсе, бас жүлде Щапов ауылынан қатысқан Әлібек Қуанышқалиевтің қанжығасына байланды.

Алдағы уақытта бұндай өнер додалары әлі де жалғасатын болады

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале