15.11.2021, 10:01
Оқылды: 70

Бәйтеректе діни ахуал тұрақты

Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен қарым-қатынас бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

3

Бәйтерек ауданындағы діни ахуал, бірлестіктердің атқарған жұмысы мен алдағы жоспары сараланған жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бейімбет Дүйсенәлі, Асан мешітінің имамы Мұратбек қажы Жахатов, Дариян мешітінің имамы Халықбек Сыдықов, Казанской икона божьей матери шіркеуінің протоиерейі Георгий Лемачко, Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Жаңабаева қатысты.

4

Ерікқали Ғұмарұлының төрағалығымен өткен жиын барысында алдымен ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр сөз алып, аудандағы діни ахуал, атқарылған жұмыс және алға қойылған жоспарлары туралы айтып өтті.

6

Кейін «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бейімбет Дүйсенәлі осы кезге дейін атқарған жұмысының жайын баян етті. Негізінен жамағаттың діни сауатын арттыру, қайырымдылық жасау сынды істерді бір жолға қойған мешіт ауыл жастарын спортқа баулу ісіне де белсенді араласып келетінін бас имам сөз етті.

Жиында Казанской икона божьей матери шіркеуінің протоиерейі Георгий Лемачко да сөз алып, өз жұмысы туралы айтып берді. Ол да христиан дінін ұстанған жандардың сауатын арттыру, шіркеу жанынан жексенбілік мектеп салу сияқты жоспары бар екенін де айтты.

Кездесуге келген Дариян және Асан ауылдарындағы мешіттердің имамдары да өз пікірлерін білдіріп, аудандағы діни ахуал тұрақты екенін айтты.
Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев дін қызметін адалдықпен атқарып отырған имамдар мен протоиерейлерге ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале