28.08.2020, 10:19
Оқылды: 63

Бәйтеректе екі күнде 35 құқық бұзушылық анықталды

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі 25-27 тамыз аралығына жоспарланған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылай келді.

профилактика1

Қоғамдық орындар мен көшелердегі тиісті тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарды алдын алу, қылмысты ескерту және болдырмау, нашақорлықтың жолын кесу, заңсыз суық қару сақтау деректерін анықтау мақсатында оздырылған шара екікүндік профилактикалық шараның соңғы күнін есептемегендегі қорытындысында біраз құқық бұзушылық анықталған.

Аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Манарбек Нәжиевтің айтуынша, негізінен отбасылық қарым-қатынастағы құқық бұзушылық, ата-аналардың бала тәрбиесі жөнінде міндетін орындамау, кешкі не түнгі уақытта кәмелетке толмаған азаматтардың тұрғын жайынан тыс жерде болуы, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, жол ережелерін бұзу және жарамсыз құжаттармен жүріп-тұру, ұзақ бұзақылық сынды әкімшілік құқық бұзушылықтар көп орын алуда екен.

– Профилактикалық шараның бүгін түнде де жалғасады осы кезге дейінгі қорытындысы бойынша 35 құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Есепте тұрған азаматтар толықтай тексеріліп, іздеуде жүрген бір азамат қолға түсті, – дейді полиция полковнигі Манарбек Нәжиев.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале