8.04.2021, 16:19
Оқылды: 27

Бәйтеректе екпе алғандар саны 1500-ден асты

Қазіргі таңда Бәйтерек ауданында індетке қарсы вакцина алған азаматтар саны 1558 адамды құрап отыр. Оның 1060-сы Переметныйдағы орталық ауруханадан егілсе, қалған 498 тұрғын екпені Дариян ауылындағы аудандық ауруханадан алған.

D6E83174-22F8-441D-98E8-B4CA8B4AF83D

Аудан орталығындағы аурухана эпидемиологі Әсем Әлібиқызының сөзінше, екпе алған 1060 тұрғынның 650-і вакцинаның бірінші компонентін алған болса, 410 адам екінші компонентімен егіліпті. Эпидемиолог алдағы аптада вакцинаның кезекті дозалары келетінін айтты.

Дариян ауылындағы аудандық ауруханадан 498 адам вакцина алғанын сөз басында айтқан едік. Олардың 265-і бірінші, 233-і екінші компонентпен егілгендер. Бұл ақпаратты бізге аурухана директорының орынбасары Жаннетта Бисембаева берді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале