11.02.2021, 20:37
Оқылды: 14

Бәйтеректе эпидахуал тұрақталып келеді

Бәйтерек ауданында эпидемиологиялық ахуал жыл басымен салыстырғандағыдай емес, тұрақталып келеді.  Аймақтағы коронавирустың таралу көрсеткіші  "қызыл" аймақтан «сары» аймаққа ауысқан. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының берген COVID-19-ға қатысты жаңартылған мәліметіне сүйенсек, ауданда барлығы 140 ауру жұқтырған науқас бар екен.

 ковид

- Ауырып жатырған 140 науқастың 105-і симптомды, 35-і симптомсыз. Үй карантинінде жатқандар саны – 91, ауруханада жатқандар саны – 49. Оның ішінде аудандақ ауруханада – 14 адам, облыстық инфекциялық ауруханада – 29 адам, облыстық көпбейінді ауруханада – 1 адам,  модульдік инфекциялық ауруханасында – 5 адам ем алуда. Жыл басынан бері жазылып шыққандар саны 284  адам, - дейді Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале