Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында футзалдан ашық турнир өтті.
Бұқаралық спортты дамытып, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және футбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен жарысқа Орал қаласы мен аудан орталығындағы мекеме командалары қатысты.
Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастыруымен өткен аяқдоп додасы көрерменнің оң ықыласына ие болды. Ел игілігі, халық мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің ойында көрсеткен шеберліктері мен ептілігі олардың спорттан кенде емес екенін тағы бір дәлелдеді.
Жарыс қорытындысында Орал қаласынан келген «Семсер» өрт сөндірушілер командасы үшінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын аудандық аурухана қызметкерлеріне, бірінші орын Переметный ауылындағы нөмір 24 өрт сөндіру бекеті командасына бұйырды.
Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен "Семсер" өрт сөндіруші командасының мүшесі Сырым Ғаббасов жарыстың "Үздік ойыншысы" атанды.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz