15.10.2021, 18:12
Оқылды: 79

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында футзалдан ашық турнир өтті.

BDBEC774-6DE6-4990-A728-649E79BAEF69

Бұқаралық спортты дамытып, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және футбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен жарысқа Орал қаласы  мен аудан орталығындағы мекеме командалары қатысты.

57CB2082-99FE-41C0-9984-31BA8838C243

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастыруымен өткен аяқдоп додасы көрерменнің оң ықыласына ие болды. Ел игілігі, халық мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің ойында көрсеткен шеберліктері мен ептілігі олардың спорттан кенде емес екенін тағы бір дәлелдеді.

Жарыс қорытындысында Орал қаласынан келген «Семсер» өрт сөндірушілер командасы үшінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын аудандық аурухана қызметкерлеріне, бірінші орын Переметный ауылындағы нөмір 24 өрт сөндіру бекеті командасына бұйырды.

Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен "Семсер" өрт сөндіруші командасының мүшесі Сырым Ғаббасов жарыстың "Үздік ойыншысы" атанды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале