16.06.2021, 12:25
Оқылды: 51

Бәйтеректе індет жұқтырғандар азайып келеді

Бәйтерек ауданында эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып, вирус жұқтырғандардар санының төмендеуі байқалады. Өткен көрсеткіштермен салыстырғанда бүгінгі таңда індетке шалдыққандар саны айтарлықтай азайған.

84A46AC3-DDFC-463E-8209-53EA04B8F9D2

-Жаңа статистика бойынша соңғы тәулікте 28 адамнан вирус анықталды. Оның 25-і симптомды, 3-і сиптомсыз. Ал, жалпы ауданда барлығы 120 адам қауіпті дертке шалдықты. Науқастардың көбі Переметный және Зеленое ауылдық округтерінен. Ең азы науқас Белес, Егіндібұлақ, Болашақ, Первосоветск ауылдарында. Жалпы жыл бойына 2583 адам ауырып, оның 2324-і емделіп шықты,-дейді  аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Қалыпқа түсе бастаған ахуалға қарамастан жағдайға атүсті қарауға болмайды. Қатаң карантин шаралары аяқталғанымен қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс. Өйткені індет қайта айналып соғуы мүмкін екенін айтады мамандар.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале