10.07.2020, 11:17
Оқылды: 39

Бәйтеректе індеттен төрт науқас жазылып шықты

Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы арнайы стационарда жатқан 42 науқастың төртеуі жазылып шықты.

B1551262-D47B-4E4B-B4D1-F201694D3D29

Бұл туралы аудандық «Ауыл тынысы» газетіне берген сұхбатында орталық аурухана директоры Тимур Мұсағалиев айтты.

- Біздің аурухана базасындағы инфекционалды стационар 26 кереуетке шақталып ашылды. Карантин алынғалы бері көптеген адам өкпенің екі жақты пневмониясымен ауырып түсуде. 26 маусымнан бастап 20 кереуеттік провизор аштық. Алайда ауырған адамдар саны артуына байланысты тағы да 20 керует қосып, 40-қа ұлғайттық. Бүгінгі, яки 8 шілдедегі мәлімет бойынша 42 науқас болды. Оның төртеуі жазылып шықты. Бұл көрсеткіш әлі де өзгеруі мүмкін,-деді Тимур Қапезұлы өз сөзінде.

Бас дәрігердің айтуынша, жоғарыда аталған науқастардан бөлек, 57 адам үй жағдайында емделіп жатыр екен. Оның он бірінде пневмония. Бүгінде дәрігерлер барлық науқастармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әрқайсысына қандай дәрі қабылдап, не істеу қажеттігі туралы кеңестер берілген. Сондай-ақ індет жұқтырған азаматтармен байланыста болған адамдар да анықталған. Қуанышқа орай, оларда ауру белгілері жоқ.

Бұл келтірілген деректер ауданның Дариян бетін қоспағандағы көрсеткіш екенін де айта кеткен жөн.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале