20.02.2020, 11:18
Оқылды: 64

Бәйтеректе кітапханалар жүйесі жаңа оқулықтармен толықты

Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптардың таныстырылымы өтті.

baiterek okulyk (2)

Оған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дүниежүзілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алтынай Журасова, аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, жекелеген бөлім басшылары, ардагерлер, оқушылар мен аудан тұрғындары қатысты.

baiterek okulyk (1)

Шара шет тілдерінен қазақ тіліне аударылған жаңа кітаптардың сыртқы мұқабасы қойылған көрме мен бейнекөрсетілімді тамашалаудан бастау алды. Бұдан соң жиылғандарға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне келіп түскен, әлем әдебиетінен таңдалып аударылған алғашқы 18 оқулық таныстырылды.

Алтынай Шұғақызының айтуынша, оқулықтарды аудару барысында Астана және Алматы қалаларында екі үлкен халықаралық конференция, төрт дөңгелек үстел өтті. Сол конференциялардың біріне аталған оқулықтың  авторы, француз Реми Хесстің өзі келіп қатысқан. Сол кезде ол Ұлы Абайдың философиясына ерекше ден қойып, оны француз тіліне аударып, әлемге танытпақ екенін айтып кеткен екен.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале