Бәйтерек ауданында “Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Оған ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің өкілдері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің жетекшісі, елші Алексей Рогов адам құқығы ең жоғары құндылық екенін атап өтті.

Содан соң ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері сөз алды. Аталмыш комиссия төрағасының орынбасары, ұлттық сарапшы Тастемір Әбішев ҚР Конституциясында көзделген адам құқығы мен бостандығы, Қазақстандағы адам құқығын қорғау бойынша ұлттық жүйе, азаматтардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері туралы айтты. Сондай-ақ аталмыш комиссия мен өзге де адам құқығын қорғау институттарының қызмет мен өкілеттіліктеріне, құқық қорғау бағытындағы жобаларға, мүгедектігі бар жандардың құқықтарына тоқталды.

Осы комиссияның мүшелері болып табылатын Л.Гумелев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Светлана Жаркенова еңбек заңнамасына, еліміздегі дағдарыстар орталығы одағының басшысы Зүлфия Байсақова мен адвокат Ирина Осокина республикамыздағы гендерлік саясат, әйел мен баланы қорғау, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңанама талаптарын қолдана отырып адам құқығын қорғау бағыттарында баяндады.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы