18.06.2025, 19:00
Оқылды: 218

Бәйтеректе құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бәйтерек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке 18 маусымынан бастап Артур Баяхатов кірісті.

IMG_20250618_173433_038

Аудан әкімі Марат Тоқжанов жаңа басшыны таныстырып, оның алдағы міндеттерге тоқталды.
– Ауданымызда құрылыс қарқыны жоғары. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да, жоспарланған жобалар да аз емес. Сондықтан мұндай маңызды салаға немқұрайлық танытуға болмайды. Батыл шешім қабылдап, нақты нәтижеге қол жеткізу қажет. Уақытылы орындалған тапсырма ғана өз нәтижесін береді, – деді аудан басшысы.

IMG_20250618_173400_995
Артур Баяхатов 1983 жылы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген. Кеден ісі, мемлекеттік және жергілікті басқару маманлықтары бойынша жоғары білім алған. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Ол мемлекеттік қызметте жиырма жылдай жұмыс істеп келеді. Ол БҚО әкімінің аппаратында бас маман, инспектор, бөлім басшысы болып қызмет атқарған. Сонымен қатар Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болған. Бәйтерек ауданындағы жаңа қызметіне дейін БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасында өңірлік даму бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале