5.11.2024, 16:30
Оқылды: 158

Бәйтеректе мәслихат мерейтойына орай облыстық спартакиада өтті

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай облыс депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері арасында спартакиада өтті.

спартакиада (1)

Жарысқа облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Мирболат Нұржанов, Орал қаласы әкімі Мұрат Бәйменов, қалалық мәслихат төрағасы Есентай Қалиев және 12 ауданнан келген командалар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара мақсаты – мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері арасында ұлттық және бұқаралық спорт түріне қызығушылықты ояту мен спортты ұлт саулығын нығайту құралы ретінде насихаттау.

Сайыста 200-ден астам аудан, қала және облыстық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері 6 спорт түрі (баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, дәстүрлі садақ ату және асық ату) бойынша бақ сынады.

спартакиада (2)

Бәйтеректен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин, аудандық мәслихат депутаттары Бибигүл Ахметжанова, Асқар Асанов, Әсел Ижанова, Думан Шанов, Қуаныш Мырзағалиев, Ернар Хайдаров, Татьяна Малкина, қоғамдық кеңес мүшесі Әсет Аубекеров, мәслихат қызметкері Фариза Тоққожина қатысты.

Екі күнге созылған облыстық спартакиада нәтижесінде үстел теннисі сайысынан ауданымыз жүлделі ІІІ орынды ешіледі. Барлық жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар табысталды.

Саида Жайық

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале