22.06.2025, 17:30
Оқылды: 258

Бәйтеректе мемқызметшілер арасында спартакиада өтті

Бәйтерек ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған кең көлемді мерекелік іс-шаралар аясында мемқызметшілер арасында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды. Оған ауылдық округтердегі, аудандық бөлімдердегі мемқызметшілерден құралған «Жайық», «Найзағай», «Сұңқар», «Адал жол», «Бірлік» және «Бәйтерек» командалары қатысты.

IMG_20250622_163806_729

Сайыстың ашылу рәсіміне сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы орны, осы салада еңбек етіп жүрген жандардың жауапкершілігі мен ұйымшылдығына тоқталды.

IMG_20250622_155950_724
- Бүгінгі спартакиада әріптестеріміздің салауатты өмір салтын ұстанатындарыңыздың айқын көрінісі. Сіздердің жұмыста да, спортта да, өзгеде салаларда белсенді болып, алдыңғы саптан көрініп жүруіңіз – ел-жұртқа, соның ішінде өскелең ұрпаққа үлгі,- деген Марат Лұқпанұлы ауданымыздың спортшыларын қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалын қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» спорт клубына 18 орындық су жаңа шағын автобусын сыйға тартты.

IMG_20250622_170322_838
Ал осынау мерекелік іс-шараға Оралдан арнайы келген «Қызмет» облыстық салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мен қоғамдық белсенділігінің маңыздылығына тоқталып, «Бәйтерек» волейбол командасына заманауи спорттық киімдер жиынтығын табыстады.

IMG_20250622_160029_851
Спартакиада барысында қатысушылар шағын футбол, қол күресі, гір көтеру, арқан тартыс, шахмат, жеңіл атлетика және үстел теннисі сынды спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты. Барлығы да жоғары деңгейде ұйымдастырлып, тартысты өтті.

IMG_20250622_160716_732
Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша «Бәйтерек» командасы топ жарса, «Бірлік» пен «Адал жол» командасы жүлделе орындарды өзара бөлісті. Сонымен қатар, Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айкүміс Мұғалім «Ең жас мемлекеттік қызметкер», Махамбет ауылдық округінәі әкімі Бейбіт Аманғалиев «Жасы ең үлкен мемлекеттік қызметкер» аталымдарын иеленді.

Сәнім Берік

Бәйтерек ауданы

Николай Штык, Чиров ауылдық округінің әкімі:
–Спортты бала кезден жаныма серік етіп келемін. Мамандығым - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Осы бағытта мектепте сабақ бердім. Сол себепті мұндай спорттық сайыстарға қашан да белсене қатысамын. Мақтанғаным емес, үстел тенисінен әзірге ауданда менімен теңесетін ешкім жоқ. Облыстық додалар ауданымыздың намысын абыроймен қорғап жүргенімді мақтан тұтамын. Жалпы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалап, рухани әрі физикалық демалыс сыйлаған бас басшылығына, ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін. Қызықты сәттерге толы күнде әріптестеріммен бірге салауатты өмір салты бағытында уақыт өткізу –мен үшін үлкен мәртебе.

Айкүміс Мұғалім, Көшім ауылдық округі аппаратының бас маманы:
–«Ең жас мемлекеттік қызметкер» аталымы бұйырғанына қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен шабыт әрі жауапкершілік. Жеңіл атлетикамен бала кезден айналысып келемін. Сол себепті 1 шақырымды қашыққа жүгіру аса қиындық тудырмады. Алдағы уақытта басқа да спорт түрлеріне белсене қатысып, үздік боламын деп ойлаймын.

Жанар Ғұбашева, Зеленый ауылдық округі аппаратының бас маманы:
– Бұл – менің мемлекеттік қызметші ретінде қатысып отырған алғашқы спорттық жарысым. Бұған дейін басқа салада еңбек еткендіктен, бүгінгі тәжірибе мен үшін ерекше маңызды болды. Командаммен бірге жақсы нәтиже көрсете алдық. Жаңа ортаға бейімделуге, әріптестермен етене араласуға сеп болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале