28.06.2021, 10:56
Оқылды: 92

Бәйтеректе мешіт жанынан жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылды

Өскелең ұрпаққа тамшыдай болса да дініміздің негізгі қағидаттарын қалыптастырып, рухани тәлім беру мақсатында Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы «Жұбан молда» мешітінің жанынан жазғы сауат ашу лагерін ұйымдастырған болатынбыз.

1

2 маусым күні ашылған жазғы сауат ашу лагері 25 маусым күні өз мәресіне жетті. Жалпы жазғы сауат ашу лагеріне ауылымыздың және жаз мезгіліне ата-әжесіне демалуға келген 5-14 жас аралығындағы қыз балалар мен ер балалар қатысты.

Лагерімізде бүлдіршіндерге араб тілі әліпбиі, тәжуид ережелері, мұсылманның негізгі парыздары, әдеп сабақтары үйретілді.

3aba5d41-2e00-469f-ba8a-be0bda5648d2 (1)

Лагерь қорытындысы бойынша Құран Кәрімді дұрыс оқу ережелерін үйренген бүлдіршіндерге «Жұбан молда» мешіті мен «Шапағат шамшырағы» ҚҚ атынан Құран кітаптары, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны жазылған кітаптар және тәтті сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, балаларына діни бағыт-бағдар беріп, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Алдағы уақытта лагерьге қатысқан балалар өз білімдерін мешіттегі қосымша сабақтар арқылы жалғастыратын болады.

 

Бәйтерек аудандық мешітінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале