23.12.2019, 16:05
Оқылды: 13

Бәйтеректе міндетті екпе алмаған бала саны өткен жылмен салыстырғанда азайған

Соңғы жылдары екпеден бас тартушылар саны еліміз бойынша артып келе жатқандығын жасырын емес. Бұл жағдай Бәйтерек ауданында да орын алып отыр.

 ekpe2

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасынан алынған мәліметке сүйенсек, биыл ауданда міндетті екпе алмаған бала саны 141-ге жеткен. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6-ға азайған.

Екпе алмаған балалар саны жағынан Достық және Трекин ауылдары алда тұр. Бұл екі округте 34 бала міндетті екпесін алмаған болса, одан кейінгі орында Переметный тұр. Аудан орталығында 18 бала екпе алмаған. Володар ауылы да аудан орталығынан қалыспаған, аталған ауылда екпе алмаған 17, Новенькийда 12 бала бар. Бұдан бөлек Үлкен Шағанда 2, Жаңатаң ауылында 6, Көшімде 1, Кирсан елді мекенінде 6, Озерныйда 5, Январцевта 3 бала тіркелген.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, азаматтардың көбі дәлірек айтқанда 85,5 пайызы 121 адам діни көзқарасына байланысты балаларына екпе салдырудан бас тартқан. Ал қалған 14,5 пайызы яғни 20 азамат өздерінің жеке көзқарасына байланысты екпеден бас тарқан көрінеді. Олардың бірі вакцинаға сенбейтіндігін айтқан болса, енді бірі басқа себептерді алға тартып отыр.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале