Бәйтерек ауданының полиция бөлімі аудан аймағында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған шара «қолайсыз отбасы», «маскүнем» және «нашақор» санаттарындағы жанұяларды анықтап, отбасылық-тұрмыстық жағдайында орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұрын сотталған адамдарды тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында жүргізіліп отыр.
- «Тұрмыс» жедел профилактикалық шарасы аясында аудандық полиция бөлімі арнайы жұмыс тобын құрып, іс-шараны өткізу жоспарын бекіткен болатын. Шараға барлығы 17 қызметкер атсалысуда. Олардың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, полиция бөлімінің өзге қызметтерінің мамандары, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Іс-шара маусым айының он алтысына дейін созылады, - дейді Бәйтерек ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция подполковнигі Бердібек Төлеуғалиев.
Шара барысында бірнеше құқықбұзушылық та анықталған.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz