19.04.2021, 11:31
Оқылды: 60

Бәйтеректе үздік шәкірттер анықталды

Қасиетті Рамазан айында Бәйтерек ауданы орталығындағы «Жұбан молда» мешіті жанынан араб әліпбиін үйренуші шәкірттер «Мұғалім сәни» кітабын аяқтады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі әліпби үйренген шәкірттері арасында араб жазуын қатесіз әрі тез оқу сайысын ұйымдастырды.

IMG-20210419-WA0011

Сайысқа шәкірттер белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсетуге барын салды. Сайыста үздік танылған шәкірттерге «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды.

IMG-20210419-WA0013

- Алдағы уақытта шәкірттеріміз Құранды дұрыс оқу – тәжуид ережелерін үйренетін болады. Алла Тағала бүлдіршіндеріміздің зейіндерін ашсын. Құран оқып үйренемін немесе намаз оқу, фикх бойынша үйренемін деушілерге мешітіміздің есігі ашық, - дейді «Жұбан молда» мешітінің наиб имамы Амантай Бақтығали.

Мақсат Рысқалиев,

«Жұбан молда» мешітінің наиб имамы

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале