28.04.2021, 15:57
Оқылды: 58

Бәйтеректе «World skills Kazakhstan - 2021» сайысы өтті

Бәйтерек ауданында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өтетін «World skills Kazakhstan» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды.

 FB_IMG_1619599715958

Шеберлік чемпионатында «Кондитер», «Газэлектрдәнекерлеуші» «Аспаз» мамандығында оқитын студенттер өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті.

Байқау тек санитарлық шаралардың ғана емес, барлық қауіпсіздік техникасының сақталуымен өтті.

FB_IMG_1619599712650

Шара қорытындысында «Кондитер» мамандары арасында Переметный колледжінің студенті Рита Джафарова мен Рубежка ауылындағы колледж студенті Елена Анюточкина І орынды иеленсе, тағы бір рубежиндік студент Вероника Авекян ең ең ұпай жинап, бас жүлде иегері атанды.

газ

«Аспаз» мамандығында оқитын студенттер арасындығы жарыста І орын рубежиндік Мария Жилковаға бұйырды. Ал  «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандарының байқауында Переметный колледжінің студенті Кирилл Чурусов I орынды иеленді.

Енді жеңімпаздар байқауды облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады

 

Меңдігүл Дәулетқалиева,

Бәйтерек колледжінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале