26.12.2019, 17:26
Оқылды: 22

Бәйтеректе заңсыз қару тасымалдаған тұрғын ұсталды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс аумағында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Киіктерге қатысты броконьерлік фактілерді анықтап, ашуды және олардың мүйіздерінің айналымын әшкерелеу мақсатында қолға алынған іс-шара нәтижесіз емес.

Аталған профилактикалық шара барысында бәйтеректік полицейлер бес аң аулау ережесін бұзған азаматты қолға түсірген. Аң аулау ережесін бұзған азаматтар үстінен хаттамалар толтырылып, ескертулер жасалған.

Сондай-ақ тіркеуде жоқ аңшы мылтығын тасымалдаған бір тұрғынды ұстаған.

Оқиға былай болған. Көшім бекетінде кезекті нарядын жүргізіп тұрған полицейлердің көзіне күдікті көлік түседі. Бірден қатты жылдамдықпен келе жатқан машинаны тоқтатқан полицейлер көлік ішінен аңшы мылтығын табады. Тексере келгенде қарудың құжаты жоқ екені анықталды. Іс сотқа жіберілген.

Профилактикалық іс-шараны тиімді өткізу мақсатында мүдделі қызметкерлер қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар полиция бөлімінен 4 мобильді топ құрылды. Қазір олар аудан аумағында заңсыз аң аулау, соның ішінде киік атудың алын алу рейдтерін жүргізуде.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале