Бәйтерек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы, жедел штаб төрағасы Ерікқали Бисақаевтың төрағалығымен аудан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен оның таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында жедел әрекет ету штабының отырысы өтті.
Жедел әрекет штабының мүшелері коронавирусты инфекция таралуының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөніндегі арнайы жоспарды талқылап, нақты тапсырмаларды пысықтады.
Жоспар халық арасында ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар мен профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, санитарлық-ағарту жұмысын қамтиды.
Жедел штабтың басты мақсаты – тұрғындар арасында тиімді түсінік жұмыстарын жүргізіп, орынсыз дүрбелеңге жол бермеу.
Сондай-ақ төтенше жағдай шарттары мен гигиеналық талаптарды қатаң сақтау, бақылауға алу да өте маңызды.
Ортақ қауіпсіздік үшін әркімнің жауапкершілігін қатаң бақылайтын штаб мүшелері жағдайды ұдайы бақылауда ұстайды және де апта сайын бас қоспақ.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
Суреттерді түсірген Сәлім Мәмбеталиев
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер