8.10.2020, 17:16
Оқылды: 211

Бәйтеректе Жұбан ақынға арналған әдеби кеш өтті

 Биыл өңірімізде қоғам қайраткері, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар өтуде. Осыған орай Бәйтерек ауданы Чеботарев ауылдық кітапханасы оқырманға арнап, «Қайсар рухты қазақ» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Juban (1)

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттырып, Жұбан ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген шараға ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.

Juban (2)

Кеш басында көпшілікке «Жыр қыраны – Жұбан ақын» атты кітап көрмесі ұсынылып, ақын туралы тың деректер таныстырылды. Кейін ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандары  Ғ.Хамидуллиева мен Н.Ливенец Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын», «Туған елді жырлаймын», «Жайық», «Осень» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, әдеби сазды кештің сәнін кіргізді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале