28.03.2022, 10:50
Оқылды: 17

Бәйтеректе зияткерлік сайыс өтті

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатында Бәйтерек аудандық кітапханасында «Абайдай бол» атты зияткерлік сайыс өтті.

IMG-20220325-WA0005

Кітапхана жанынан құрылған әдеби-танымдық «Абайтану» клубы ұйымдастырған білім додасына осы кезге дейін өткен «Абай – жырдың сарқылмас дариясы» атты онлай байқауда ең көп лүпіл жинаған Щапов, Мичурин, Сұлукөл, Белес ауылдық кітапхана оқырмандары және Қ.Аманжолов атындағы мектеп оқушылары мен кітапханашылар және колледж студенттері қатысты.

IMG-20220325-WA0007

Ұлы ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында барлығын білетін үздік оқырмандар қатысқан дода «Сұрақ-жауап», «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Әнді сүйсең, менше сүй» атты үш кезеңнен тұрды. Оған онлайн сайыс жеңімпаздарынан құралған «Адам бол» және «Ойлап қой» атты екі топ қатысты. Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен нақыл сөздері, қара сөздері жасырылған сұрақтардың жауабын оңай тапқан қатысушылар жиналған көрерменге қызықты мәліметтер ұсынып, сайыс көркін қыздырды.

IMG-20220325-WA0011

Қорытындысында өзінің білімін танытып, қарсыласынан бір саты жоғары екенін көрсете білген «Ойлап көр» тобы жеңіске жетті.

Сайыс соңында Абайдай ұлы ақынымызды танып, оның шығармаларын жатқа білетін жастардың өсіп келе жатқаны қуантатынын айтқан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Жеңісгүл Жаңабаева қатысушыларға ризашылығын білдіріп, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Абай ақынды ұлықтау шарасы бұнымен тоқтамайды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтереке ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале