Жуырда Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кәмелетке толманғандар ісі жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Нұргүл Бисалиева мен «Полиция жас көмекшілері» тобы мүшелері «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу іс шарасын өткізді.
Шара барысында жас көмекшілер Дарьинск мектебінің 10-сынып оқушыларымен бірлесіп, балаларға жол-көлік жарақатының алдын алу, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту жөнінде мағлұматтар берді. Сондай-ақ балалар учаскелік инспекторлармен бірлесіп, көлік жүргізушілеріне авариялық жағдай туғызбау, балалардың өмірін қорғау жайында түсінік жүргізіп, тақырыптық жадынамалар таратты.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz