Бәйтерек ауданы орталығындағы Достық үйінде өңір суретшілеріне қолдау білдіру, жас ұрпаққа бейнелеу өнерін насихаттау мақсатында «Алуан түрлі бояудың сиқыры» атты суретшілер көрмесі жұмысын бастады.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмеге Дариян, Трекин, Достық, Үлкен Шаған, Белес, Чувашин, Мичурин, Зеленый, Переметный ауылдық округтері суретшілерінің жұмыстары қойылды.
Көрме залына келген жандарға Ан София, Анат Таипов, Валентина Хасимова, Дания Курманова, Анна Россейкина, Серік Сақыпқалиев, Маржан Мурзагалиева, Абат Альмуханов, Игорь Зачухин сынды жергілікті суретшілердің көз тартар жұмыстары ұсынылды.
Көрмеге қатысушылар жас суретшілердің туындыларына оң бағасын білдірді. Қатысушы өнерпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Болашақта бұл көрме оффлайн форматында да өтпек.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz