5.08.2021, 16:17
Оқылды: 61

Бәйтеректен – Маңғыстауға

Арал бойы мен Маңғыстауды жайлаған жұт барша қазақты түңілтті. Ақ адал малынан айырылып, ашынған ағайынның жанайқайына қазақстандықтар қарап отыра алмады. Нәубетті ел болып біріксек қана жеңе алатынымызды түсінген қарапайым халық қиын жағдайға душар болған отандастарын далада қалдырмады. Осы күні қазақ елінің әр аймағынан Маңғыстау мен Аралға көмек жетуде.

маңғыстау

Бәйтерек ауданының шаруалары да қарап қалмады. Қай істе болса да алда жүретін жомарт жігіттер жұт болған аймақтағы ағайынға деп жем-шөп жөнелтуде.

Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәлімет бойынша, қазіргі таңда «Агро Сервис батыс» ЖШС малы қырылған Маңғыстау жаққа 24 тонна бидай жіберсе, «Эльдар» шаруа қожалығы 25 тонна кебек, «Авангард» ЖШС 12 тонна судан шөбін жіберген.

Бөлім мамандары ауданнан жұт жайлаған аймаққа жіберілетін көмектің аз ғана бөлігі екенін айтты. Алдағы уақытта ауданның барлық ауылшаруашылық құрылымдары бірігіп, тағы біраз жем-шөп жіберілмекші.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале