25.12.2020, 18:12
Оқылды: 29

Бәйтеректік ардагерлерге құрмет зор

Жаңа жыл қарсаңында Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті. Еркін форматта ұйымдастырылған жиын басында ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев аудан әкімшілігінің ардагерлерге деген қолдауы зор екендігін атап өтті.

e6fdd0f6-81d2-4d65-ab41-c28a83870b2b

- Аудан әкімшілігінің қолдауын сезініп жүрміз. Ардагерлердің сөзіне құлақ асып, ақылына жүгінетін басшылардың бары қуантады. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер де қолдан көмегін аяп жатқан жоқ, - деді Ғ.Мендалиев өз сөзінде.

Ғалымжан Ақжанұлының айтуынша, биылдың өзінде «Хайруллин» ШҚ басшысы Нұрлыбек Хайруллин ардагерлер ұйымына теледидар сыйласа, «Дүйсен» ШҚ басшысы Тілек Залмұқанов түрлі түсті принтер, ал «Пермский» ЖШС басшысы Александр Недопекин төраға кабинетіне мемлекеттік рәміздерді сыйлаған. Сондай-ақ «Киргенев» ШҚ басшысы Қайыржан Киргенев қаржылай көмек көрсеткен. Енді ардагерлер кәсіпкер берген қаражатты ұйым қажеттілігіне жұмсамақ.

d74632a8-b80b-4fc0-af62-56e1294a7ce9

- «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған. Қандай іс бастасақ та елдің сөзін сөйлеп, ақылымызға ақыл қосар қарттармен ақылдасамыз. Кездесудегі мақсатымыз да ауданда беделі бар, сөзі өткір қариялар мен кейуаналарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтау ғана емес. Өздеріңіздің ақ баталарыңызды алып, жаңа жылға қадам басу. Осы кезге дейін аудан ақсақалдарының көмегімен біраз іс тындырдық. Болашақта да бұл істер жалғасын табатын болады. Әсіресе «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда аға буынның көмегі көп, - деді жиын барысында Е.Бисақаев.

Кездесу барысында тек атқарылған істер ғана емес, ақсақалдар кеңесінің маңыздылығы да сөз болды. Шара соңында кеңес мүшелеріне «Мар-Эль» ШҚ басшысы Марат Асанов ұсынған сый-сияпат табыс етілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале