Таразда қазақ күресінен ересектер (әйелдер) арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтіп жатыр.
Тартысты белдесуде еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық спортшы бақ сынауда. Соның ішіндегі БҚО құрамасы сапында жерлесіміз Айсұлу Сәрсенова да бар. Бірнеше жылдан бері спорттың самбо, дзюдо түрлерінен облыс біріншіліктері мен турнирлердің жеңімпазы атанып жүрген ол бұл жолғы ел чемпионатында 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медальға ие болды.
Айсұлу – Дариян ауылының тумасы, Бәйтерек ауданы БЖСМ-нің тәрбиеленушісі.
Нұрсәуле Әбілпейсова,
Бәйтерек ауданы