Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жасөспірімдер мен жастардың төртінші халықаралық «Мелодия души» атты шығармашылық фестиваль-конкурсы өтті.
Өнер додасын Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Дарын әлемі» атты халықаралық шығармашылық ассоциациясының жетекшісі Жанара Джолдасова ұйымдастырды. Алыс-жақын шетелдер мен еліміздің біраз аймағынан келген өнерпаздар байқауына бәйтеректік үлгілі «НұрАй» би ансамблі де қатысты.
Конкусрқа үш би ұсынған үлкен шағандық өнерпаздар көрермендер мен әділқазылар алқасын таң-тамаша етті.
5-6 жастағы бүлдіршіндер арасында би ансамблінің Көшім ауылындағы филиалының өнерпазадары бақ сынаған. Көпшілікке «Детский бум» биін ұсынған «НұрАй» бишілері екінші орын иеленді.
Одан бөлек Щапов ауылындағы филиал бишілері «Loud greetings to the world» туындысымен 7-9 жас аралығында өнерпаздар бәйгесінде бірінші орын иеденсе, Үлкен шаған ауылында жаттығантын 10-14 жасар бишілер де бірінші орынға табан тіреді.
-Конкурс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық шәкірттерім үмітті ақтады. Жалпы биылғы жыл ансамбль үшін сәтті болды. Әрқашан қолдап, көмегін ұсынатын оқушыларымның ата-аналары мен ансамбль демеушілеріне алғысымыз шексіз. Болашақта да биіктерден көрінуге тырысамыз,-дейді «НұрАй» үлгілі би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Алканова.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz