7.04.2020, 15:55
Оқылды: 98

Бәйтеректік кәсіпкер қайырымды іс жасады

Бұған дейін аудан аумағында орналасқан блокбекетте тегін түскі ас ұйымдастырған Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлнар Галиева 7 сәуір күні Переметный ауылында тұратын аз қамтылған 2 отбасыға азық-түлік және бетперделер таратты.

DF17A5E2-8EC1-4A1F-99C1-636BCEF6E805

 Жеке кәсіпкер Гүлнар Галиева таратқан бетперделерді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының сұранысы негізінде Достық үйі жанындағы облысқа танымал «Ақ ниет» әжелер ансамблінің мүшелері тіккен.

Осынау сын сағатта кәсіпкердің қолынан азық-түлік және бетперде алған ауылдың қос тұрғыны ризашылығын білдіріп, ел-жұртқа амандық тіледі.  

Үнемі өз бастамашылдығымен бәйтеректіктерге танымал бола бастаған кәсіпкер Гүлнар Сатыбалдықызының еңбегі ересен.

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале