Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасына кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Жуырда өңірімізге танымал «Ақас» агрофермасының басшысы Қатауолла Ашығалиев Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылы тұрғындарына 1726 тауық балапанын тегін берді.
Бәйтерек ауданы басшылығының қолдауымен іске асырылған қайырымдылық шарасы барысында таратылған балапандарды ауылдық округ әкімдігі 79 аз қамтылған, көпбалалы және жұмыссыз отбасыларға бөлді.
Рамазан айында қайырымды іс жасап, көпшілік алғысына бөленген Қатауолла Миралиұлына жергілікті тұрғындардың алғысы шексіз.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz