2.04.2020, 10:28
Оқылды: 53

Бәйтеректік мәдениет қызметкерлері тегін бетперде таратты

Дағдарысқа тойтарыс беруді қолдау және «Біз біргеміз: Асыл мұра» жобасы аясында Дариян мәдениет үй жанынан құрылған «Шапағат» еріктілер тобының мүшелері көшеге шығып, ауыл тұрғындарына 50 дана бетпердені тегін үлестірді.

8D279E41-6B66-41AA-8852-B3605BEC2026

 Осындай қиын кезеңде қайырымдылық танытқан жастарға тұрғындар дән риза болып, алғыстарын жаудырды, - дейді бізбен телефон арқылы байланыста болған Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры Әсел Өскентауова.

F8B0A0B1-0E3A-488B-AAFB-2D85DC57FA66

Төтенше жағдай кезінде ауылдастарына қолдау таныту мақсатында қол қусырып отыра алмаған мәдениет үйінің қызметкері Оксана Кириллина іс мәшинесімен 50 дана бетпердені тігіп, қолұшын созды.

 Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале