25.12.2020, 11:36
Оқылды: 15

Бәйтеректік меценаттар аянып қалмады

Бәйтерек ауданы қолы ашық меценаттардан кенде болған емес. Қай кезде де бәйтеректік атымтай жомарт азаматтар ауылы, ауданы үшін жақсылық жасаудан қалыс қалған емес. Биылғы жылы да меценаттар бір кісідей жұмылып, қолдан келген көмектерін көрсетті.

Screenshot_20200703_152742

«Барымды елмен бөлісуге дайынмын» деген ұстанымдағы кәсіп иелері жыл басынан бері талай жанға көмек қолын созды. Ал індет өршіп, ел іші дүрбелеңге түскенде меценаттар жұмылып, аудандық орталық аурухана ұжымына қолдарынан келген көмектерін аямады.

Кәсіпкерлер аурумен бетпе-бет келген дәрігерлерге қолғаптан бастап, кислород концентрадтарына дейін алып берді. Тіпті төтенше жағдай кезінде кезекшілікте тұрған полицейлерге ыстық тамақ та тасығандары болды. Меценаттар қос ауруханаға 11754307 теңгеге көмек көрсетті. Әсіресе, аудан орталығындағы ауруханаға толықтай оттегі магистралін орнату, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаны осы атымтай жомарт жандардың арқасында мүмкін болды.

IMG_7506

Сонымен қатар меценаттар «Туған жер» жобасы аясында да біраз шаруаны тындырды. Аумалы-төкпелі заманға қарамастан ауылды гүлдендіру мен абаттандыруға атсалысқан жергілікті азаматтар 122 570 000 теңге болатын 11 жобаны сәтті жүзеге асырды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале