2.06.2021, 9:38
Оқылды: 60

Бәйтеректік мектептерде оқушыларға қолайлы жағдай жасалған

Жуырда "Nur Otan" партиясы Бәйтерек аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комитеті аудан орталығында орналасқан Переметный, Камен, Қ.Аманжолов атындағы мектептерге рейд жүргізді.

BA347654-9C96-49CB-BD37-CDD97E6B9D5B

Тексеру барысында бақылау комиссиясының төрағасы Ләззат Кажигалиева, комиссия мүшелері Жеңісгүл Жанабаева және Жанар Губашева білім ошақтарындағы кәріз құбыры, ыссы су, қажеттілік бөлмелерінің болуын қадағалап, мектептердегі қолжетімді сыртқы әжетханалар мәселелері бойынша мониторинг жүргізді. Нәтижесінде Переметный ауылдық округіндегі мектептерде оқушылар гигиенасы мен қажеттілігі үшін барлық жағдайдың жасалғандығы анықталды.

-Қадағалау шаралары шеңберінде бақылауға алынған үш мектепте оқушылар игіліне жасалған жағдай өз деңгейінде атқарылған. Мектептер ыстық, салқын сумен толық қамтылған. Сондай-ақ әр мекемеде балалар қорғанысы мақсатында видеобақылау камералары орнатылған. Мекеме сыныптары кең, жарық әрі білім алуға қолайлы. Ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ,-дейді партиялық бақылау комиссия мүшесі Жеңісгүл Жаңабаева.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале